Бұралқы иттерден қауіп бар ма?
Теңіз жағалауында қаңғыбас иттер қаптады. Бұл - тұрғындардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Жуырда теңіз жағасында серуендеп жүрген әйелді ит тістеп, ол зардап шеккен. Енді тұрғындар балаларымен жағалауға шығуға да жүрексініп қалған. Тұрғынның айтуынша, бұған дейін де жағалауда қаңғыбас иттерді жиі кездестіргенімен, бірақ, мұндай жағдай алғаш рет болған.