Ақтауда Отбасы күніне орай «Отбасым-Алтын діңгегім» деген ұранмен «Otbasy FEST» өтті. Моральдық құндылықтар құлдырап жатқан кезеңде жанұя құндылығын насихаттау идеологияының басты тетігі болып отыр. Бүгін де қаладағы үлгілі отбасылар сахна төріне шығып, берекелі шаңырақтың қыр-сырын айтып, көп баланы тәрбиелеудің маңызын түсіндірді. Қоғамда белсенді болып жүрген үздік жұптар мен отбасы психологтары кеңестерін берді.