Педагогттар мен оқушылар инновация көшінен қалмауы тиіс. Әсіресе мұғалімдер өз пәндерін меңгеру кезінде жасанды интелектті ұтымды қолдануы керек. Цирфлық технология дамуының барлық саласына енген жасанды интелект білім сапасын арттыруға оң әсер етуі үшін ұстаздар қауымын жиі оқытып отыру қажет. Бүгін осы бағытта Өрдеу ұлттық біліктіліктті арттыру орталығы арнайы семинар өткізді. "Білім берудегі заманауи цифрлық трендтер және иннновациялық тәжірибе" тақырыбында өткен семинарға облыстың 200-ге жуық педагогы қатысты. Оларға арналған алаңда өңірдегі кәсіби дамыту институтының мамандары цифрлық трендтерге тоқталып, тәжірибелерін таныстырды.