Елімізге тұрақты энергия көзі қажет. Бұл туралы аудандық халықтық штаб өкілдері "Каzakh ossetr" мекемесінің қызметкерлерімен кездескен жиында айтылды. Штаб мүшелерінің айтуынша, кейінгі жылдары энергия көзіне тапшылық артқан. Ал атом электр станциясы - тұрақты әрі үздіксіз қуат көзі. Сонымен қатар, олар артықшылығын талқылап, «жасыл» энергия көзі ретінде атом электр станцияларының маңыздылығын атап өтті.