Бүгін VIII сайланған облыстық мәслихаттың 15-сессиясы өтті. Жиында облыс әкімі биылғы 8 айда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Аймақ басшысы өңдеу өнеркәсібі, сауда, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында макрокөрсеткіштердің оң динамикасы сақталғанын атап өтті.