Сыңғырлау 80 жылдығын, Сарға 50 жылдығыны кең көлемде тойласа,  Ақшымыраудың ауыл болғанына -90 жыл. Тоқсан жылдық торқалы тойын Ақшымыраулықтар айрықша атап өтті. Аламан бәйге, өгіз көтеру, ауыл тарихы туралы ғылыми конференция, ақындар мүшәйрасын өткізген ауылдықтар тарихи датаны осылай әспеттеді. Екі күн Бозащының шаңын көтерген Ақшымыраулықтар бірлігі жарасқан, ауыл ішінен татулықтың тарқамағанын тағы бір көрсетті.