Ташкентте кикбоксингтен өткен Әлем кубогы өз мәресіне жетіп, жерлестеріміз жүлделі оралды. Дүбірлі додада әлемнің 45 мемлекетінен 3 мыңға жуық спортшы қатысқан. Байрақты бәсеке де, бағы мен бабы қатар шапқан маңғыстаулық үш кикбоксшы жеңіс тұғырынан көрінді. 84 келі салмақта өнер көрсеткен Есенмұрат Селиков ардагерлер арасында топ жарса, шәкірттері де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді.