Бүгін облыс әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев Будапешт қаласында кикбоксингтен әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды марапаттады. Айта кетейік, 23-31 тамыз аралығында өткен чемпионатта Махмут Мади қола жүлдеге ие болса, Базар Диас пен Құбаш Сахи әлем чемпионы атанды. Байрақты бәсекеге 50 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысты.