Негізгі Жаңалықтар Әскерилер жауынгерлік тумен қоштасты

Әскерилер жауынгерлік тумен қоштасты

Ақтау гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында мерзімді қызмет еткен 206 әскеридің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті. Салтанатты шарада  еліміздің 9 аймағынан шақырылған сарбаздар марапатталды. Қызметінде мінсіз атқарып, жауынгерлік тапсырмаларды уақытылы орындағандарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, биыл гарнизоннан 1500-ден астам мерзімді қызметтегі әскерилер запасқа шығарылды.

Бөлісу