«МӨЭК» АҚ қысқы маусымға дайын
Маңғыстау өңірінің энергетиктері қысқы маусымға дайын. «Маңғыстау Өңірлік Электротораптық Компаниясы» акционерлік қоғамы 2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алды. Кәсіпорын электр желілері мен энергетикалық нысандардағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын толық аяқтаған. Биыл мамандар 500 шақырымнан астам әуе желісін жаңғыртып, ондаған трансформаторлық қосалқы станцияны жөндеуден өткізіпті.