Негізгі Жаңалықтар Республикалық олимпиада жеңімпаздары

Республикалық олимпиада жеңімпаздары

Маңғыстаулық оқушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV кезеңінде жүлдегер атанды. Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған додаға ел аймақтарынан 490-қа жуық бала қатысқан. Соның ішінде өңір намысын қорғаған 23 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның 4-уі алтын, 8-і күміс, ал 11 оқушыға қола медаль бұйырды. Жоғары нәтиже көрсеткендер қатарында мұнайлылықтар да бар.

Бөлісу