Енді адыраспан шөбін жұлып, оны сақтап немесе тасымалдасаңыз, 5 млн теңгеге дейін айыппұл арқалайсыз. Тіпті, қамауға алынып, бас бостандығыңыздан айырыласыз. Себебі, бағзы заманнан емдік үшін қолданып, аластау үшін пайдаланып жүрген өсімдік "есірткі" санатына енгізілген. Бұл біздің елде емес, көрші мемлекет Ресей Федарациясы заңға осындай өзгеріс жасапты. Айта кетейік, Ресейге адыраспан апарып, тұтқындалған отандастарымыздың саны да артқан. Енді аталмыш шөпті биылғы ақпаннан бастап тасымалдағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.