Биыл Ақтау портында теңіз түбін тереңдету жұмыстары басталады. Өйткені соңғы үш жылда Каспий деңгейі күрт төмендеп, бұл теңіз айлақтарының қызметіне әсер етуде. Кемелердің қауіпсіз кіріп, шығуы үшін олар жартылай жүк артуға мәжбүр. Сондықтан мәселені шешу үшін тереңдеудің ауқымды жобасы әзірленді. Ол жұмыс 3 кезеңге бөлінеді. Алғашқысына көлік министрлігі 21 млрд теңге бөлген.