Өңірдегі пошта саласына маман тапшы. Әсіресе байланыс операторлары, сұрыптаушылар мен хат тасымалдаушылар қажет. Осыған байланысты Ақтаудағы Есенов колледжінде 2022 жылы "Пошта байланысы" мамандығы ашылды. Қазір білім ордасында 71 ақтаулық студент білім алып жатыр.