Ақтауда мүгедектігі бар 18 жастағы ер баланы белгісіз біреу көлігіне салып алып, зорлаған. Арам ойын іске асырып болған соң, теңіз жағаға түсіріп кеткен. Міне, содан бері 40 күн өтседе полиция қылмыскерді таппай жатыр деп жәбірленушінің анасы редакциямызға хабарласты. Ал өңірдегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы қажетті сараптама тағайындалып, Қылмыстық Кодекстің 121-інші, яғни «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша іс қозғалғанын айтып отыр.