Бейнеу ауданында жалған куәлікпен жұмыс істеген педагог анықталды. Аудан прокуратурасы білім беру сапасын тексеру барысында бірқатар мұғалімнің кәсіптік даярлықтан өту куәліктері жалған екені белгілі болды. Педагог Алматы университетінің «Арнайы педагогика» мамандығы бағытында «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша жалған куәлік пайдаланып, мектепте «педагог-психолог» ретінде жұмыс істеген.