Өңірдегі медициналық мекемелерде де Амал мерекесі тойланды. Көрісіп, көңіл сұрап, амандасып жатқан жұрттың ішінде облыстық фтизиопульмонология орталығының ұжымы да болды. Жылдағы әдет бойынша қазан асып, медициналық мекемеге келгендер ақтан дәм татты.