22 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы басталады. Бүкіл әлем бір сағатқа электр қуатын өшіреді. Акция мақсаты - адамдардың назарын ғаламшар ресурстарына жауапты қарауға және оны ұтымды пайдалануға аудару. Еліміз бұл науқанға 2009 жылдан бері қатысып келеді. «Жер сағаты» қозғалысының ұйымдастырушылары жаһан жұртын жалпы әлемдік акцияға ат салысып, үйдегі жарықты бір сағатқа сөндіруге шақырады.
Айта кетейік, шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылмақ.