Ақтаудағы көпқабатты үйдің тұрғындары сыра сатқан кәсіпкердің үстінен шағым түсіріп, наразылықтарын білдірді. Жиналғандар қараша үйдің астындағы жертөледе орналасқан бір емес, екі бірдей сырахананы жауып тастау туралы талап қойып отыр. Тыныштығы бұзылған көпшілік бала-шағасының қауіпсіздігіне алаңдайды. Себебі ішімдік ішкендер үйдің ауласында төбелес шығарып, бір-бірімен жаға жыртысады екен.