Жыл басталғалы бері 16 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 14,3 пайызға, яғни 2 жағдайға  көп. Бұл туралы өңір эпидемиологтары бас қосқан облыстық семинарда айтылды. Мамандардың мәліметінше, вирусты көбіне 15-49 жас аралығындағылар жұқтырады.