Түпқарағандағы Аташ ауылының тұрғындары теңіз суын ластап тұрған кеме жөндейтін қос компанияға шүйлікті. Аташтықтар кемеге қызмет көрсететін мекемелердің кесірінен жазды күні теңізге түсе алмаймыз деп шағымданды. Олар кемеден шыққан қалдықтар, мотор майлары суға төгіліп жатыр деп күдіктенеді. Салдарынан жағажайда шомылған тұрғындар денелерінде белгісіз жаралар пайда болғанын айтады. Енді аташтағы ағайын кеме жөндейтін жерлерді жағалаудан басқа жерге көшірсін деген талап қойып отыр.