«Заң және тәртіп» - мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында осылай деді. Қоғамда осы қағидатты орнықтыру үшін Мемлекет басшысы барлық салалық органдарға бұл мәселеге қатысты ортақ көзқарас пен ұстаным қалыптастыруды тапсырды. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шахмардан Есенов атындағы университетІнде Маңғыстау облыстық Әділет департаментімен бірлескен "Заң клиникасы" ашылды. Мақсаты - халыққа тегін құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ студенттерге көмектесу.