Жаңаөзенде ұлағатты ұстаздар мерекесі аталып өтті. Қалалық білім бөлімі білімді ұрпақ тәрбиелеудегі ұшан теңіз еңбегі үшін мұғалімдерге құрмет көрсетті. Ұрпақ тәрбиесі ұстазға байланысты. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім -тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік бағыт бағдар сілтеуде ұстаздардың еңбегі зор.