Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкерлерінің 5 бағыт бойынша жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары қорытыланды. Қорықтағы ерекше қорғалатын тіршілік иелерінің мониторинг жүргізу және сирек кездесетін өсімдіктердің популяциялық жағдайы мен метеорологиялық табиғи климаттық жағдайларды бақылау бойынша мәліметтер жинақталған.