Маңғыстау облысының кей аймақтарында алдағы күндері ауа райы күрт суытуы мүмкін. Синоптиктердің болжамынша ауа температурасы минус 20 -22 градусқа дейін төмендейді. Тіпті облыстың кей бөлігінде қатты көктайғақ пен тұман күтіледі деген болжам бар. Мамандар тұрғындарды жолда сақ болуға шақырады.