Маңғыстауда Сенек ауылында құм көшкінін тоқтату мақсатында 45 мыңға жуық сексеуіл мен жүзген отырғызылды.Қазіргі таңда өсімдіктердің жақсы өсіп-өнуіне жағдай жасау үшін құмның етегіне кепкен қамыс төселіп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде құм көшкіні тоқтап, ауылға төнген қауіп сейілген.