Маңғыстау өңірі тағы бір ардақты тұлғасын еске алды. Ұлағатты ұстаз, білікті басшы, қоғам қайраткері Жамбыл Нәубетұлының өнегелі өмір жолы - кейінгі ұрпаққа үлгі. 1939 жылы Маңғыстаудың қасиетті топырағында дүниеге келген Жамбыл Нәубетұлы жастайынан білімге құштар болған. Орал қаласындағы Пушкин атындағы институтты үздік тәмамдап, бар ғұмырын ұстаздық қызметке арнады.