Халықаралық мейірбикелер күніне орай облыста медицина ұйымдарының мейірбикелері арасында кәсіби байқау өтті. Ақ халатты абзал жандар қатысқан сайыстың мақсаты - мамандардың біліктілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.