Жаңаөзен қаласы Бейбітшілік тұрғын үй кешені 2-ші үйінің тұрғындары үйдің кіреберісін ерекше үлгіде сәндеп қойған. Қабырғаға суреттер салып, гүл өсірген. Ауласынада талдар отырғызған. Жаңа қоныс болсада, көршілер бір-бірін қолдап, ұйымшылдық танытқан. Үлгілі аула байқауына қатысушы тұрғындармен әріптесім Сәбит Ұлықпан тікелей байланысқа қосылды.