Маңғыстау облысында Ыбықты Сай шатқалындағы вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері шатқал аумағындағы тастарға ер адамның өз аты-жөнін және автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін жазып кеткенін анықтады.