Жаңаөзен қаласындағы Бейбітшілік тұрғын үй кешенінің тұрғындары көпшілікке үлгі. Олар тазалық пен абаттандыру жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарып отыр. Тұрғын үйдің ауласынан бастап, алтыншы қабатқа дейін сылақ жұмыстары жасалып, аулаға өсімдіктер отырғызған.