Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай археологтармен бірге Түпқараған ауданындағы Қарақабақ қалашығына барды. Алдымен өңір басшысы Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған Қарақабақ қалашығынан табылған тарихи жәдігерлермен танысты.