Маңғыстауда күннің жылынуымен бірге демалыс орындары мен табиғат аясындағы ашық алаңдарда адам қарасы көбейді. Көктемгі жайма шуақ күндерді тиімді пайдалануға тырысқан тұрғындар отбасы және достарымен бірге қала сыртындағы демалыс аймақтарына жиі шығып жүр. Әсіресе демалыс күндері Бозжыра, Айрақты, Торыш, Аралбай сарқырамысы, теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен арнайы пикник аймақтарында қозғалыс айтарлықтай артқан.