Маңғыстау ауданының Шетпе кентіндегі «Азамат» спорт кешенінде дзюдодан республикалық турнир өтіп жатыр. 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы жарысқа Атырау, Шымкент, Ақтөбе қалаларынан және облыстың барлық аудан-қалаларынан 400-ге жуық спортшы қатысуда.