Түпқараған ауданыда екі мың жылдық тарихы бар Қарақабақ қалашығына археологтар қайта оралмақ. Мамандар мамыр айының соңында қазба жұмыстарын жандандыруды жоспарлап отыр. Ғалымдардың айтуынша, Қарақабақ ежелгі дәуірде халықаралық сауда мен қолөнердің ірі орталығы болған.