“Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде”. “Шипагер” шипажайында бір күн бойы тегін демалу мүмкіндігін ұтып алған маңғыстаулықтардың ұстанымы осындай. Жеңімпаздардың қатарында жастар да, жасы үлкен тұрғындар да бар. “Маңғыстау” телеарнасының түсірілім тобы таңертеңгі сағат 10:00-ден бастап тікелей байланысқа шығып, шипажайдан ақпарат таратуда.