Телеарна күні - Қызылөзен ауылында. «Маңғыстау» арнасы апта сайынғы дәстүрін жалғастырып, бұл жолы көрерменмен қарт Каспий жағасындағы Қызылөзен ауылынан тікелей байланысқа шықты. Арна ұжымы ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып, елді мекеннің тарихы мен бүгінгі келбетін көрермен назарына ұсынды.