Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Отбасы банк» акционерлік қоғамының төрайымы Ляззат Ибрагимовамен кездесу өткізді. Жиында өңір тұрғындарын, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, облыс әкімдігі мен «Отбасы банк» арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, тұрғын үй беру тетіктерін жетілдіру және кезекте тұрған азаматтарды кезең-кезеңімен баспанамен қамту мәселелері пысықталды.