Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жұмыс сапарымен Маңғыстау өңіріне келді. Министр өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбаймен Түпқараған ауданының Таушық ауылындағы Шахта мектебіне барып, оқу орнының материалдық-техникалық базасын, тарихи мұражайын және білім беру ұйымдарының жұмысымен танысты.