Маңғыстау облысында қауын-қарбыз саудасы қыза түсті. Сауда орындарына негізінен шетелден әкелінген бақша өнімдері сатылымға шығарылуда. Алайда дәрігерлер ерте піскен жеміс-жидектер мен көкөністерді тұтынудың денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді. Қазір жұқпалы аурулар ауруханасына түсетін науқастар саны артқан.