Ақтауда стратегиялық фармацевтикалық логистикалық кешен салынады. Жоба өңірдің дәрі-дәрмек қауіпсіздігін күшейтіп, халықты өмірлік маңызы бар препараттармен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған. Осы жоба бойынша облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен «СК-Фармация» серіктестігінің басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбековпен кездесуінде талқыланды. Заманауи қойма халықаралық стандарттарға сай салынып, дәрілік заттардың стратегиялық қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді.