Ақтаулық 70 жастағы әже блогерлікті бастап, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүр. Ол небәрі бір айдың ішінде 5 мыңға жуық оқырман жинап үлгерген. Кейуананың видеолары күнделікті өмірден алынған шынайы сәттерге негізделген. Қарапайым тіршілікті қызықты сюжетке айналдырып, ақыл-кеңесімен және көтеріңкі көңіл күйімен бөліседі.