Бейнеуде толассыз жауған нөсер жаңбырдың салдарынан 45 тұрғын үйдің ауласын су басты. Оның ішінде 12 үйге су кірген. Кейбір тұрғындар баспанасына кіре алмай, қиын жағдайға тап болған. Қазір арнайы техникалар жұмылдырылып, су сору жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.