Соңғы он бес жылда Ақжігіт ауылында алты жұп егіз дүниеге келген. Солардың бірі - биыл мектеп бітірген егіздер Әнел Сәркенов пен Әсел Сәркенова. 2009 жылы өмірге келген қос түлек бір шаңырақта тәрбиеленіп, бір сыныпта білім алды. Мінездері әртүрлі болғанымен, бір - бірін толықтырып, әрдайым қолдау көрсетіп келеді.