Өңір туризмін дамытуға 100 пайыз үлес қосамыз. Үрімшіге тікелей рейспен алғашқы жолаушы болып саяхаттап келген маңғыстаулық блогерлердің ұстанымы осындай. Әлеуметтік желіні белсенді қолданатын жастар бұл бастама екі ел арасындағы туристік байланысты күшейтуге ықпал етеді деп есептейді.