Ақтауда «Тараз - Ұлы Жібек жолының жауһары» атты жылжымалы көрме ашылды. Мәдени іс-шараны «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырды. Экспозицияға Тараз өңіріндегі ортағасырлық тарихи ескерткіштерден табылған ең құнды 100 археологиялық жәдігер қойылған. Жалпы музей-қорық қарамағындағы 30 тарихи-мәдени нысанда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында 4 мыңнан астам құнды бұйым табылған.