Маңғыстауда жыл басынан бері 7 бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлады. Оның алтауы Ақтауда , біреуі Жаңаөзенде болған. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 2 жағдайға көп. Төтенше жағдайлар депаратментінің мамандары қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында үнемі тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.