Сингапурлық танымал трэвэл - блогерлер Амелин Беверли мен Дэн - Бозжыра, Қызылкүп және Тұзбайыр шатқалдарына саяхат жасап, өңірдің таңғажайып ландшафттарын әлеуметтік желідегі аудиториясына таныстырды. Саяхат барысында блогерлер өңірдің ерекше табиғаты мен көркем келбеті көрініс табатын бейнежазба жариялап, Маңғыстаудың туристік әлеуетіне жоғары баға берді.