Ақтауда жол - көлік инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қаладағы жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын екі автомобиль жолы орташа жөндеуден өтуде. Атап айтқанда, «Кездесу» жанар - жағармай бекетінен басталып, 31А-31Б-32А-32Б шағын аудандарының қиылысына дейінгі, сондай-ақ 35-шағын ауданнан 19А-19-18-20 шағын аудандарының қиылысына дейінгі жол учаскелері жаңартылады.