Әлеуметтік желіде ақтаулық суретші Инна Ермакованың бір кенепке Қазақстанның тарихы мен мәдениетін бейнелеген туындысы кеңінен тарады. Картинада ел тарихында із қалдырған ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, спортшылар, өнер адамдары, батырлар мен ұлттық құндылықтар бір композицияға топтастырылған. Автор туындысын «Бір кенеп - бір тарих, бір жады, бір Қазақстанның жаны» деп сипаттаған.